10
март
2022
«Репродуктивті денсаулық және жыныстық гигиена, жыныстық жолмен берілетін аурулар, жасөспірім жастағы жүктілік мәселелері» тақырыбында арнайы мамандармен кездесу өткізілді.
2022 жылдың 10 наурыз күні оқушылардың репродуктивтік денсаулық және жыныстық гигиена, жыныстық жолмен берілетін аурулар, жасөспірім жастағы жүктілік туралы білім деңгейлерін арттыру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Алиева мен педагог-психологі А. Бикозиеваның ұйымдастыруымен «Репродуктивті денсаулық және жыныстық гигиена, жыныстық жолмен берілетін аурулар, жасөспірім жастағы жүктілік мәселелері» тақырыбында арнайы мамандармен кездесу өткізілді. Кездесуге Ақтөбе ауылдық амбулатория акушер гинеколог дәрігері Н. Қулжанова, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маманы Д. Әбілдаева және мектебіміздің медбикесі Ж. Телеубаева шақырылды. Кездесу барысында тақырып аясында түсіндірме жұмыстары кең көлемде жүргізіліп, оқушыларымен пікір алмасты.
