02
июнь
2025
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ – 2025: ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ АЛҒАШҚЫ КҮН!


№11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінде 02.06.2025ж күні жазғы лагерьдің ашылуы болып өтті.
Бүгінгі күн – ерекше. Өйткені лагерьдің бірінші ауысымына 1-4-7 сыныптың кішкентай оқушылары келіп, жазғы қызықтың нағыз көрігін қыздырды! 🧒👧
💬 Таңғы саптадан басталған күн ойын мен шаттыққа толы болды. Балалар көңілді ән айтып, би билеп әр баланың жанарында – қуаныш, жүзінде – күлкі!
🎨 Шығармашылық сағаттар,
🏃 Спорттық жаттығулар
📚 Зерделік тапсырмалар...
Балалардың белсенділігі мен қызығушылығына қарап-ақ, бұл жаздың ұмытылмас болатынына сенімдіміз!
✨ Мақсатымыз – әр бала үшін лагерьдегі әр күнді жарқын естелікке айналдыру. Ата-аналар үшін – сенімді орта, балалар үшін – еркіндік пен достыққа толы демалыс.
🫶 Лагерь тек демалыс емес, бұл – достықтың мекені, шығармашылықтың орталығы және бақытты балалық шақтың куәсі!
🔜 Алда әлі талай қызықтар күтіп тұр! Жаздың әр күні қуанышқа, бал күлкіге толы болсын!
#біртұтас_тәрбие_жамбыл
#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Жаз2025 #ЛагерьАшылды #БақыттыБалалар #БалалықШақ
#ЖазғыЛагерь
#ЖазБасталды
