11
февраль
2022
"Жасөспірім және заң" Ақпан- психологиялық кеңес беру айлығы мен құқықтық тәрбие беру айлығы
"Жасөспірім және заң"Ақпан- психологиялық кеңес беру айлығы мен құқықтық тәрбие беру айлығы аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін үйрету, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алиева 9- сыныптың білім алушыларымен "Жасөспірім және заң" тақырыбында мектеп инспекторы Нұржан Болатбекұлымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу "Тығырықтан шығар жол қайсы?" атты ситуациялық жағдайларды шешумен басталды. Оқушыларға қандай жағдайда заң талаптары бұзылатынын, заңды жауапкершілікке тартылатын тұлғалар жөнінде өмірдегі кездесетін түрлі жағдаяттар арқылы түсіндірілді. "Құқық" сөзіне анықтама беріліп, бала құқықтары туралы заңдылықтар бейнеролик, слайд арқылы таныстырылды. Құқықпен қатар, қоғам, отбасы, араласатын орта алдында адамның қандай міндеттері болатынын оқушылар жете ұғынып, өз ойларын ортаға салды. Мектеп психологы А.Бикозиева оқушыларға адам мінезіне баға беретін тренинг өткізіп, көңіл-күйді көтеріп, жан тыныштығына шақыратын жаттығу орындатты. Кездесудің нәтижесінде балалар ҚР Конституциясындағы бала құқығы туралы баптармен, БҰҰ-ның бала құқықтары жөніндегі Конвенциясымен танысып, өзара пікір алмасты. #психологияықкеңесберуайлығы #құқықтықтәрбиеберуайлығы

