08
июнь
2020
№11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің директоры Г. Жорабекованың 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша баяндамасы
2019-2020 оқу жылында оқу-тәрбие процесінде «Білім беру» Қазақстан Республикасы заңымен, білім беру мекемесінің типтік ережелерімен, мектеп жарғысымен, бұйрықтар және жоғары тұрған білім беру органдарының қаулысымен басшылық етті. Жалпы орта білім беру мектебі-бұл мемлекеттік білім беру мекемесінің бір түрі бастауыш, негізгі жалпы және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және оқушылардың белсенді интеллектуалды еңбекке, шығармашылық және түрлі ғылымдардың негізін зерттеу қызметімен айналысуға дайындайды.
Мектеп жұмысының мақсаты мен міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, дәстүрлі педагогикалық білім беру технологияларды жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру арқылы білім беру кеңістігінің қатысушылары өзара қарым-қатынас ету арқылы сапалы білім беру кепілдігін қамтамасыз ету.
Жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру қызметінің сапасын арттыру жұмысы, 1-11 сыныптарда білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды жүзеге асыру, сабақта және сабақтан тыс уақытта ағылшын, қазақ және орыс тілдерін сабақтастыру арқылы үш тілді білетін тұлғаны дамыту, деңгейлік бағдарламалар мен озық педагогикалық технологияларды меңгеру арқылы мұғалімдер ұжымының кәсіби құзіреттілігін дамыту, мектепте оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бастамасын білдіруге, өздігінен білім алуға ұмтылу, тұлға аралық қарым-қатынас мәдениетін арттыруға, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға бағыттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Отанға, туған жерге деген азаматтық-патриоттық қарым-қатынасқа, тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, оқушыларды салт-дәстүрлерді, ұлттық мәдениетті дәріптеуге, тілді білуге, халықтың рухани құндылықтарын бағалауға тәрбиелеу, оқушылардың өзін-өзі басқару органдары және қоғамдық балалар қозғалысын дамыту арқылы оқушылардың бойында әлеуметтік бастамасын білдіруге, шығармашылыққа баулу, өздігінен жұмыс жасауда қолдау көрсетуді жалғастыру. Осы бағыттағы жұмысқа ата-аналар қауымдастығын тарту арқылы саламатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылық пен қараусыз қалудың алдын алу, әлеуметтік-қауіпті құбылыстардың алдын алу.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2019 – 2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»2020 жылғы 4 мамырдағы № 177 бұйрығын орындау мақсатында,мектептің оқу сабақтары 2020 жылдың 25 мамырында аяқталды.
Мектептің оқу-тәрбие қызметі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 01 сәуірдегі № 123 бұйрығының негізінде, қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып,ұйымдастырылды. WhatsApp желісі арқылы ұзақтығы 30 минуттан, 1-9 сыныптар 1 ауысымда, 10,11 сыныптар 2 ауысымда қашықтықтан оқытуға арнайы бекітілген сабақ кестесі құрылды.
ҚРБҒМ 2020 жылғы 01 сәуіріндегі № 123 бұйрығының 4-қосымшасындағы әдістемелік ұсынымдар негізінде, қашықтықтан оқытуда интернет желісінің төмендігіне байланысты, қолжетімді форматында WhatsApp желісі арқылы кері байланыс жүзеге асырылып, мектептің педагогикалық қызметі ұйымдастырылды.
2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы оқушылар саны-313, білім сапасы-69%, үздік оқушылар саны-67-21,4%, екпінділер саны-149-47,6%.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуіріндегі № 135 бұйрығына сәйкес, жиынтық бағалау жұмыстарды өткзу күні мен уақытын көрсете отырып, бөлімдік жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды тапсырудың икемді кестесі жасалып бекітілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының ережелеріне сай, 1-10 сыныптарда БЖБ мен ТЖБ мазмұны пән бойынша Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес, өтілген оқу материалын қамтитын, БЖБ мен ТЖБ тапсырмалары 2 тапсырмадан, 5-10 сыныптарда 5 тапсырмадан артық емес және қиын болмауы керектігі жөнінде нұсқаулық жұмыстары жүрді. ТЖБ оқу тапсырмалары әр пәннің спецификасына сәйкес әзірленді. Білім алушылардың жиынтық жұмыстары тексеріліп, сынып журналына электронды түрде балл қойылды. Білім алушыларға, ата-аналарға БЖБ және ТЖБ орындалған қорытындысы бойынша кері байланыс беріліп отырылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылдың 3 сәуіріндегі № 129 бұйрығының 2,1)сәйкес, 9 (10) және 11-сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттауды тапсырмайды, ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде аттестат беріледі.
Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылдың 15 мамырындағы №13-818 хатына сәйкес, 2020 жылдың 4 маусымы күні 11-сыныптың 23 түлегіне жалпы орта білімі туралы аттестаттар тапсырылды.
Негізгі орта білімі туралы аттестат 9-сыныптың 26 білім білім алушыларына тапсырылды. Үздік аттестатқа Алейдарова Жансая ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 226 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 тамыздағы №394 бұйрығын басшылыққа ала отырып, мектеп ұстаздары мен білім алушылары пәндік олимпиадаларға, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобаларға, авторлық бағдарламалар, спорттық жарыстарға және басқа да шығармашылық іс-шараларға қатысты.
Мектептің оқу-тәрбие қызметінің тиімділігін бағалау және білім
беру сапасын арттыруға ынталандыру мақсатында жылдық рейтингі жасалды. Атап айтқанда, авторлық бағдарламалар-3, ғылыми жоба-2, халықаралық онлайн байқаулар-44, республикалық байқаулар-150, облыстық байқаулар-25, аудандық байқаулар-14.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің бағыттары бойынша бекітілген жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылды.
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары бойынша жүргізілген мектепішілік іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, мектеп сайтына, Fasebook, Instagram парақшаларына жариялана отырып, мектептегі тәрбие жұмысына мониторинг жүргізілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағатталған 5 Ереже (Алгоритм) ("Полицияның мектеп инспекторларының білім беру ұйымдарымен өзара әрекетінің Ережесі (Алгоритмі)", "Оқушыларды мектепішілік есепке алу тәртібі туралы Ереже", "мектепішілік есепке алынған оқушыларға қатысты әрекет ету алгоритмі", "Кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жеке жоспары (Алгоритм) ", "Әртүрлі санаттағы балалармен жұмыс істейтін мамандарға арналған іс-қимыл алгоритмі " тағы басқа 2019-2020 оқу жылында мектебімізде құқықтық тәрбиеге байланысты өткізілген әрбір іс-шараның мақсаты мен міндеттерін анықтай отырып, жүргізілді.
Талдай келе, кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіне немқұрайлықпен қарап, көңіл бөлмеуі отбасылық тәрбиенің жұмысына кері әсерін тигізеді. Қашықтықтан оқыту кезіндегі отбасылық тәрбие жұмысын іске асыруда жоспарланған іс-шаралар барысында ата-аналардың белсенделігі байқалды. Осының нәтижесінде үштік одақтың жұмысы өз деңгейінде жүргізілді.
Облыстық білім басқармасының 2020 жылыдң 24 сәуіріндегі №03-1979 хатын басшылыққа ала отырып, мектептің тәрбие ісі жқніндегі орынбасарларына жүктеліп, іс-шаралар жоспары бекітілді. Төтенше жағдайды алдын алу мақсатында "Су айдындарындағы қауіпсіздік" талаптары туралы түсіндірме жұмыстарын оқушылар мен ата-аналарға әр сынып жетекшілері өз сыныптарында онлайн түрінде тәрбие сағаттарын және ата-аналар жиналыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 14 қаңтардағы №26 бұйрығы басшылыққа алынып, 2020-2021 оқу жылындағы білім алушылардың мектеп формасы сұр түс болып қалдырылды.
Kundelik.kz (педагогтермен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен кері байланыс, педагогтермен кері байланыс беру жиілігінің мониторингі) қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыруға тұрақты мониторинг пен бақылау жүзеге асырылды. Мониторингтің аралық нәтижесі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігіне апта сайын ұсынылып отырылды.
Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей біліммен қамту туралы Заңын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 Қаулысын, мектеп оқушыларын тамақтанумен қамтамасыз ету процесін оңтайландырылуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 13 маусымдағы қаулысына сәйкес білім бөлімінің жасалған білім мекемелеріндегі аз қамтамасыздандырылған қатарына жататын оқушыларды анықтау ережелеріне сүйене отырып, сондай – ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығының 5- қосымшасына сәйкес "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып, оқу жылында - 125 оқушы тамақтанды. Атап айтқанда, 1 сынып бойынша – 19 оқушы, 2 сынып бойынша - 10 оқушы, 3 сынып бойынша - 27 оқушы, 4 сынып бойынша - 15 оқушы, 5 сынып бойынша - 23 оқушы, 6 сынып бойынша -12 оқушы, 7 сынып бойынша – 14 оқушы, 8 сынып бойынша 5 оқушы. Асхана тамағының сапасы, нормаға сай келуін, берілген тамақтың ас мәзірімен бірдей болуын, асхананың тазалығын тексеріп отыру үшін брокераж комиссиясы құрылды.
Қазақстан Республикасының Премьер министрі К.Масимовтың №64 қаулысына сүйене отырып, биылғы оқу жылында Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыға алынатын киіммен аз қамтамасыз етілген отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде мектептегі оқушылардың жекелеген санаттарына материалдық көмекпен биылғы оқу жылында 70 бала қыстық киіммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, келесі 2020-2021 оқу жылында жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаржыға әлеуметтік көмек қажет ететін 82 оқушының тізімі бекітіліп, білім бөліміне сұраныс берілді.
Мектептің педагогикалық ұжымы тілдерді қолдану мен дамыту жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың талдауы жасалып, жылына екі рет қорытындысы директор жанындағы отырыстарда қаралды.
Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген білім саласына қатысты басым бағыттардың орындалуын қамтамасыз ету барысында мемлекеттік бағдарламаны 10 бағыт бойынша іске асыру қарастырылған. Оның шеңберінде 13 іс-шараларды орындау жоспарланған. Осы салада біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі бойынша 2019-2020 оқу жылында біліктілікті арттырудан өткен педагогтердің үлесі жоспар бойынша 60%. «НЗМ» ДБҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ деңгейлік бағдарламалары бойынша есепті кезеңде. «Педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі : 2020 жылы – 53,8 %, 2021 жылға жоспар – 70-80%». Бүгінгі күнгі мектеп бойынша 52 педагог бар. Педагогтардың жалпы санынан алғанда 10 жоғары және 13 бірінші санаты, 9 екінші санаты, 5 сарапшы, 4 модератор бар. 18 педагог біліктілік талаптарға сәйкес аттестациядан өтуі тиіс. Магистрлік академиялық дәрежесі бар 2 мұғалім. 2019-2020 оқу жылында мектепте жаратылыстану-математика циклі педагогтерінің саны 13 құрады. Оның ішнде 2 мұғалім ағылшын тілінде сабақ бере алады. Мектепалды даярлықпен қамтамасыз етілген 5- 6 жастағы 32 бала қамтылған. Даму мүмкіндігі шектеулі 5 оқушы бар.
Мектептің шығармашылық тақырыбын жүзеге асыру мақсатында мектеп педагогикалық ұжымы төмендегі жұмыстарды жоспарлап, жүзеге асырды. Атап айтқанда, 2019-2020 оқу жылында 6 рет педагогикалық кеңес отырысы жоспарланып, сұрақтарды талдау қарастырылған. Оның ішінде педагогикалық–ұйымдастыру жұмыстары бойынша - 7, білім сапасын зерттеу, инновациялық технологияларды енгізу - 12, тәрбие саласы бойынша - 9.
№11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 2019-2020 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік кеңес кабинеті «Білім мазмұнын жаңғырту жағдайында мұғалімдерді кәсіби дамыту арқылы оқыту мен оқуда бағалау түрлерін тиімді қолдануды қалыптастыру» шығармашылық-ізденіс тақырыбымен жұмыс жасап келе жатыр.