№11 Т. Тастандиев атындағы орта мектебінің жылдық қорытынды есебі » Средняя школа им.Тастандиева
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тастандиев орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)35-2-64-25
Есепші бөлімі:
+7(726)35-2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №11 Т. Тастандиев атындағы орта мектебінің жылдық қорытынды есебі
05
июнь
2019

№11 Т. Тастандиев атындағы орта мектебінің жылдық қорытынды есебі

№11Тайыр Тастандиев атындағы  орта мектебінің 2018-20189оқу жылы

бойынша оқу- тәрбие жұмысының сараптамасы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті – білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады. Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының  басты бағыты – шығармашыл, сыни тұрғыда ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әр   түрлі әлеуметтік және өндірістік мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау және оқу – тәрбие үрдісінің тәжірибесін жетілдіру. Бұл жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Атап айтсақ , олар: оқудың мазмұнын жаңарту дидактикалық жетістіктерді білім беру тиімділігін арттыру мақсатында пайдалану,  ғылыми негізделген жаңа идеялар мен технологияларды қолдану жолдарын  табуды қамтиды. Осыған байланысты жалпы білім беретін мектептерде оқудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Қоғамдағы қазіргі кезеңдегі қайта құрулар, экономиканы  дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің басты мақсаты – білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

        2018 – 2019 оқу жылы мектептің жалпы білім беру жүйесінде күндізгі оқыту түрінде 2 мектеп алды дайындық тобы, 9 бастауыш, 8 негізгі, 3 жоғары сыныптар оқыды.Мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Сабақ кестесі санитарлық-гигиеналық талаптарға және  стандартқа сай құрастылды.

Мектептің  педагогикалық ұжымы тілдерді қолдану мен  дамыту жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану  мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың талдауы жасалып, жылына екі рет қорытындысы директор жанындағы отырыстарда қаралды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген білім саласына қатысты басым бағыттардың орындалуын қамтамасыз ету барысында мемлекеттік бағдарламаны 10 бағыт бойынша іске асыру қарастырылған. Оның шеңберінде 13 іс-шараларды орындау жоспарланған. Осы салада біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі бойынша 2018-2019 оқу жылында біліктілікті арттырудан өткен педагогтердің үлесі жоспар бойынша 60%. «НЗМ» ДБҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ деңгейлік бағдарламалары бойынша есепті кезеңде. «Педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі : 2018 жылы – 50 %, 2018 жылға жоспар – 70-80%».Бүгінгі күнгі мектеп бойынша 50 педагог бар. Педагогтардың жалпы санынан  алғанда 11 жоғары және 14 бірінші санаты, 12 екінші санаты бар. 13 педагог біліктілік талаптарға сәйкес аттестациядан өтуі тиіс. Магистрлік академиялық дәрежесі бар 1 мұғалім. 2018-2019 оқу жылында мектепте жаратылыстану-математика циклі педагогтерінің саны 14құрады. Оның ішнде 6 мұғалім ағылшын тілінде сөздікті пайдалана отырып, сабақ бере алады.  Мектепалды даярлықпен қамтамасыз етілген 5- 6 жастағы  41бала қамтылған. Орта білім «2020 жылға дейін 12жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған» Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес НЗМ тәжрибесіне сәйкес 12 жылдық білім беруге кезең кезеңмен көшу 2017-2108 жылға жоспарланған. Бүгінгі күні аталған жоспарға жету мақсатында ҚР БҒМ: - Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты әзірленді және бекітілді (2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулы) 12 жылдық білім беру құрылымы анықталды. Негізгі орта және бейіндік оқытуды 2 бағытта қарастырған жалпы орта білім беру стандарттары әзірленді. Сонымен қатар «Назарбаев зияткелік мектептері» жобасының шеңберінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76 – қадамына сәйкес 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектепте оқыту стандарттарын жаңарту бойынша биылғы оқу жылында 1,2,3 сыныптар жаңартылған білім бағдарламасымен оқытылуда. Даму мүмкіндігі шектеулі 2 оқушы бар. 

Мектеп қажетті оқу – педагогикалық әлуетке ие болып отыр, оқу – тәрбиелік үдерісті іске асыруға барлық қажетті оқу – материалдық базасы бар, оның барлығы   аудандық  білім беру басқармасының нормативтік құжаттарына сәйкес атқарылады. Білім беру мазмұнын жаңарту -  оқу жоспарының вариативтік бөлігі, жеке мектеп пәндері бойынша  бейіндік оқыту арқылы іске асырылып жатыр. Мектепте мұғалімдердің педагогтік шеберліктерін жетілдіруге, оқу үрдісін өткізіп және қамтамасыз етуге барлық  жағдайлар жасалған, білім беру үрдісінің сапасын арттыруға қажетті резервтер бар. Мектеп қызметінің оқу – тәрбиелік үрдістің негізгі мәселелері бойынша мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым өз қызметтерін нормативтік құжаттардың талаптарына сай жүргізіп,  мемлекеттік білім беру стандарттарының орындалуын қамтамасызетеді.Мектептің оқу үрдісі оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік жоспарлармен, сабақ кестесімен реттеледі.

Оқу жүктеменің максималды көлемі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен санитарлық нормаға сәйкес. Мектептің оқу жоспары базалық, мектеп және оқушы компоненттерінен құрылған. Оқу жоспарының мазмұны ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарымен сәйкес.

Мектептің бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыздығы оқу жоспарын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мектебіміз педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген. 

Мектеп қазақ - орыс тілінде білім беретін мекеме. Казақ тілінде – 15/2 сынып комлектісі, бала саны:  258/ 32 оқушы. Орыс тілінде -  7/1 сынып комлектісі, бала саны:  52/ 17 оқушы.

Оқу-тәрбие жұмысы мен іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жоғары ұйымдарға есептер мен мәліметтер қазақ тілінде тапсырылады. Статистикалық есептер, қаржылық құжаттамалар тиісті мекемелердің жұмыс істеу тілі - ресми тілде жүргізіледі. Мектеп қызметкерлерінің, басқа азаматтардың, ата-аналардың, оқушылардың т.б. өтініштері ана тілдерінде жазылып, жазылған тілде қабылданады.

Похожие публикации:

25 февраль 2019 Қамқоршылық кеңес
03 январь 2019 Ыстық тамақ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив