25
февраль
2019
Қамқоршылық кеңес
№11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебі бойынша
қамқоршылық кеңесі отырысының
№ 1 Хаттамасы
Бәйтерек ауылы 03.01.2019 жыл
Қатысқандар: 13 адам
Күн тәртібінде:
1. Мектепте қамқоршылық кеңесінің мүшелері бекітілгендігі туралы хабардар ету.
2. Қамқоршылық кеңес төрағасын, орынбасарын, жауапты хатшысын сайлау туралы.
3. Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарын құрып, бекіту.
Тыңдалды: әлеуметтік педагог Л.Райымкулова, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жыл 7 ақпандағы №72 бұйрығына сәйкес мектебімізде құрамы 11 адамнан тұратын қамқоршылық кеңесі құрылғанын айтып өтті. Атап айтқанда, Ақтөбе ауылдық округінің бас маманы Ғ.Жақыпбеков, Ақтөбе ауылдық амбулаториясының медбикесі Н.Жолдасбекова, жеке кәсіпкерлер Н.Сманбаев, Б.Тажиханов, Г.Абдыкасымова, Ғ.Тойшыбеков, «Бәйтерек» бала-бақшасында тәрбиешісінің көмекшісі А.Абдиева, ата-аналар М.Султанмуратов, Г.Мавлянова, Ш.Кадирбаева, Ж.Самуратова. Қамқоршылық кеңес мектептегі алқалы басқару нысандарының бірі болып табылатынын айтты.
Сөйледі: Ақтөбе ауылдық округінің бас маманы, кеңес мүшесі Ғ.Жақыпбеков, қамқоршылық кеңесінің төрайымы қызметіне көп балалы ата-ана А.Абдиеваны, кеңес төрайымының орынбасары қызметіне белсенді ата-ана Ж.Самуратованы, кеңес хатшысы болуға әлеуметтік талдаушы Г.Рахманованы ұсынды. Жиналысқа қатысушы кеңес мүшелері ашық дауыс беру арқылы бір ауыздан келісім берді.
Сөйледі: қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Абдиева, мектебімізде қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын ескере отырып, тоқсан сайынғы болатын қамқоршылық кеңесінің отырыстарында қаралатын мәселелерді талқылап, осыған орай, атқарылатын жылдық жұмыс жоспарын жасап, бекітуді ұсынды.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер қаралып, талқыланып,
кеңес қаулы етті:
1.Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жыл 7 ақпандағы №72 бұйрығына сәйкес мектебімізде төмендегі құрамда көрсетілген қамқоршылық кеңес мүшелері қабылдансын.
1. Ғ.Жақыпбеков, Ақтөбе ауылдық округінің бас маманы
2. Н.Жолдасбекова, Ақтөбе ауылдық амбулаториясының медбикесі
3. Б.Тажиханов, жеке кәсіпкер
4. Г.Абдыкасымова, жеке кәсіпкер
5. Н.Сманбаев, жеке кәсіпкер
6. Ғ.Тойшыбеков, жеке кәсіпкер
7.А.Абдиева, «Бәйтерек» бала-бақшасында тәрбиешісінің көмекшісі
8. М.Султанмуратов, зейнеткер
9. Г.Мавлянова, үй шаруасында
10. Ш.Кадирбаева, үй шаруасында
11. Ж.Самуратова, үй шаруасында
Г.Рахманова, әлеуметтік талдаушы.
2.Қамқоршылық кеңесінің төрайымы қызметіне А.Абдиеваны, кеңес төрайымының орынбасары қызметіне Ж.Самуратова, кеңес хатшысы болып әлеуметтік талдаушы Г.Рахманова бекітілсін.
3.Қамқоршылық кеңес отырыстарының жұмыс жоспары жасалып, бекітілсін.