30
ноябрь
2021
«Ар намысыңды сақта» тақырыбында семинар-тренинг
Мектебімізде 30 қараша күні педагог –психолог А. Бикозиеваның ұйымдастырыуымен қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез-құлық сипатын қалыптастыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамыту және ерте жүктіліктің алдын алу барысында «Ар намысыңды сақта» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг барысында елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын-алу және қыз балалар арасында ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіріп, кеңестер берілді. Сонымен қатар «Қазақ қызы қандай болу керек?» атты бейнеролик көрсетіліп, қыздармен ой бөлісілді. Семинар-тренингке мектеп медбикесі Ж. Телеубаева шақырылды. Мектеп медбикесі Ж. Телеубаева «Ерте жүктіліктің жасөспірім қыздардың ағзасына кері әсері қандай?» тақырыбында баяндама оқып, түсіндірме жұмыс жүргізді. Қыздарымыз қылықты, ұлдарымыз ұлықты болса, ұлтымыздың да іргесі беки түспек. Қыздың ары-елдің ұяты екенін жадымыздан шығармайық! Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алиева
