11
февраль
2022
«Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны»
Мектебімізде 2022 жылдың 11 ақпан күні әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру мақсатында педагог-психолог А. Бикозиева 8-9 сынып қыздарына «Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны» тақырыбында дәріс жүргізді. Дәріс барысында ерте жүктіліктің зияны жайлы айтылып, қыздармен пікір алмасты және жаднама таратылып берілді.
