№11 Тайыр Тастандиев орта мектебінде өткен «Әр бала зорлық- зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» атты дөңгелек үстел.
2019 жылдың 5 желтоқсан күні мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алиева мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Тойшыбкова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Жуалы аудандық жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобымен бірлескен іс-шаралар жоспары аясында Жуалы аудандық ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Абдымомынов пен полиция аға лейтенанты М.Шаңлақбаевтың қатысуымен 8-10 сынып оқушылары арасында «Әр бала зорлық- зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты- білім алушыларды қоғам алдындағы жауапкершілік туралы хабардар етіп, қолданыстағы заңнама талаптарымен таныстыру, олардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, оларға қарсы зорлық- зомбылықтың алдын алу, «қатыгездік» «балаларға қатыгездік көрсету» түсінігімен, қатыгездіктен қорғау амалдарымен таныстыру болды. Дөңгелек үстел барысында білім алушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейтуге, өмірдің қиын жағдайларынан шығу амалдары туралы түсініктері қалыптастырылды. Соңында Жуалы аудандық ЖПҚ ЮПТ УПИ тарапынан зорлық қылмыстың ең ауыр түрі екені, бала құқығын қорғау, зорлықтың түрлерінен балаларды сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға, қалай зорлық- зомбылыққа душар болмау, бейтаныс адамдармен сөйлеспеуге, олардың алдап арбауына түспеуге шақырды.



