
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 25 тамыз 2022 жылғы #377 бұйрығы аясында бірлескен жұмыс жоспары бойынша жыныстық қол сұғушылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында "Репродуктивті денсаулық" тақырыбында 10-11 сынып ұл балаларымен профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

Профилактикалық жұмысқа мектеп медбикесі Ж.Телеубаева, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алиеаа қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мектеп психологы А.Бикозиева “Репродуктивті саулық. Оны сақтау дағдылары” тақырыбы төңірегінде ақпарат беріп, оқушылармен пікір алмасты.