№11 Тайыр Тастандиев орта мектебінде Б.Тұрғыналиев 9 сынып оқушыларымен «Қоқысты қайта өндеу мүмкін бе?» атты танымдық сабақ өткізді. » Средняя школа им.Тастандиева
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тастандиев орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)35-2-64-25
Есепші бөлімі:
+7(726)35-2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №11 Тайыр Тастандиев орта мектебінде Б.Тұрғыналиев 9 сынып оқушыларымен «Қоқысты қайта өндеу мүмкін бе?» атты танымдық сабақ өткізді.
15
март
2022

№11 Тайыр Тастандиев орта мектебінде Б.Тұрғыналиев 9 сынып оқушыларымен «Қоқысты қайта өндеу мүмкін бе?» атты танымдық сабақ өткізді.

Жұмыр жерді мекендейтін сан - мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер - анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»- тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл - қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл - қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыз - дағы күл - қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер - жерінде есепке алынбаған тау - тау күл - қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл - қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл - қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат - бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».
Сабақтың мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік дағдысын дамыту.
Көрсетілген бейнероликте қоқыстың зияны туралы к және қоқысты қайтадан сұрыптауға болатыны туралы толық мағлұмат берілді. Ағаштың біздің өмірімізде алар орнының ерекше екені және бір ағаштан алынатын қағаздар саны, ағаштың өсу уақыты, жыл сайын қағаз жасау үшін қанша ағаш кесілетіні, олар шірімеуге тиіс екені көрсетілді.
Ұйымдастырушы-педагог: У.Жарылкасынова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив