14
март
2022
№ 11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінде өткен «Табиғат тамашалары» суреттер байқауы
Табиғат – тіршілік көзі. Табиғатты қорғау, аялау – әр адамның міндеті. Үлкен-кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек мақсатында №11 Тайыр Тастандиев атындығы орта мектебінде 2022 жылдың 14 наурыз күні оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысына сәйкес «Экология және еңбек фракциясының» айлық жоспары бойынша «Табиғат тамашалары» атты суреттер байқауы өткізілді. Байқауға 6-7 сыныптың оқушылары қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша: 7 «А» сынып оқушысы Унербаева Баян 1-орынды иемденді. 6 «Б» сынып оқушысы Федорченко Арсений ІІ-орынмен марапатталды және 7 «Б» сынып оқушысы Тимошина Валерия ІІІ-орынды иемденді.
Ұйымдастырушы-педагог: Ұ.Жарылкасынова

Ұйымдастырушы-педагог: Ұ.Жарылкасынова



