05
апрель
2022
«Ғарыштық қиялдар» тақырыбында сурет байқауы
Ғарышкерлер күніне орай әлеуметтік талдаушы Г.Рахманова 1-5 сыныптар арасында «Ғарыштық қиялдар» тақырыбында сурет байқауын өткізді. Сурет байқауының мақсаты- оқушыларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы түсінік бере отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру. Балалардың байланыстырып сөйлеуін, көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттыру. Байқау нәтижесінде қатысқан оқушыларға сыйлықтар берілді.
