"Қарттарға қамқорлық" атты акция!!
Мектебімізде 2021 жылдың 1 қазан күні "Қарттарға қамқорлық" атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында қарттарға медициналық көмектер көрсетіліп, сый-сыйапат тапсырылды. Біз, әрқашан «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Бүгінде ауылымызда 150 зейнет жасындағы абзал қарияларымыз бар. Қазіргі таңда зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкенді құрметтеу - мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Халық арасында ауызы дуалы, әңгімесі бәтуалы қарияларымыз барында ел ішінде жөнсіз істер орын алмайтындығы белгілі. Қарияларымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз!