Түлектер мектебіне демеушілік жасады » Средняя школа им.Тастандиева
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тастандиев орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)35-2-64-25
Есепші бөлімі:
+7(726)35-2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түлектер мектебіне демеушілік жасады
18
январь
2021

Түлектер мектебіне демеушілік жасады

Түлектер мектебіне демеушілік жасады


Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында Жуалы ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты №11 Тайыр Тастандиев атындағы  орта мектебінде  «Мектебіме тағзым» атты акция  2017 жылдан   бастау алған.  «Туған елге тағзым ету -парызым, туған жерге қызмет ету - қарызым» дейтін жомарт жандар үшін игі бастама жалғасуда.

 Аталған акцияның мақсаты - мектеп түлектерінің білім ордасының өміріне бей-жай қарамай, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, алғыс сезімдерін қалыптастыру, өскелең ұрпақты өз еліне, туған жеріне, білім алған мектебіне, сабақ берген ұстаздарына құрмет көрсетуге шақыру, оқушыларға өз мектептерін бітірген танымал түлектердің табысты өмір жолын үлгі ету болып отыр. Ғасырға жуық тарихы бар  №11 Тайыр Тастандиев атындағы  орта мектебін әр жылы бітірген 20 түлегі, білім ұясынан қанат қаққан. Бүгінде олардың әрқайсысы өмірден өз жолын тапқан. Ойы зерек, талабы ерек бұл түлектер арасында бүгінде  түрлі мамандықтың иесі табылады. Дәрігер, кәсіпкер, құрылысшы, журналист, полковник шеніндегі қызмет иелері бар. Сондай - ақ, ұстаздардың ұлағаты болар  олардың  біразы мұғалімдік  мамандықты таңдап ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып келеді. 

№11 Тайыр Тастандиев атындағы  орта мектебінің аталған түлектері  «Туған мектепке деген ыстық лебіздерін құр сөзбен емес іспен» - дәлелдеді.

Атап айтқанда, Сабденалиев Мажит Науанұлы, Ауез Олжас, Тажиханов Бауыржан Жарылқасынұлы, Каримов Керімхан Мейірханұы, Мадыбеков Мұрат Нұрғазыұлы, Жолтаев Даулет Құрмантаевич, Бекбулатов Мақсат Айтбайұлы, Исматов Абзал Өмірзақұлы, Аубакиров Арман Серікұлы, Изаев Илгиз Дайырбекұлы, Сегізбаева Сымбат Нұралықызы, Элмуратов Бекен Аманбекұлы, Саттарова Айжан Джунисбекқызы, Алейдаров Нурлыбек Джунисбекұлы, Рахманова Айгул Шымырбайққызы, Заманбек Нұрсұлтан Рысбекұлы, Абдыев Ерлан Алижабпарұлы, Айдаралиева Диана Дүшембайқызы, Қуандық Мөлдір Сағындыққызы, Айтбаев Самат Нұрлыбайұлы мектеп тарихы мен төлқұжаты, «Рухы жоғары халықтың тарихы мәңгілік», «Тәуелсіздік тұғырым», «Рухани жаңғыру ұлттық бірегейліктің негізі», «Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері», «Салауатты өмір салты», «Терроризм актінің қауіпі туындаған немесе терроризм акті жасалған жағдайдағы әрекеттер», «Мектептің ішкі ережесі», «Сабақ кестесі», «Наркобекет бұрышы» «Ата- аналар бұрышы», «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты», «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі», «Мектеп жетістіктері», «Мектепке тағзым», «Үздіктер» «Біздің мақтаныштарымыз», «Алтын белгі иегерлері» атты стендттерді жаңа форматта жасатып берді, сонымен қатар мектеп дәлізіне 40 метр пердені тіктіріп сыйға тартты. 

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт оның жадында мәңгі қалатыны сөзсіз. «Мектеп – кеме, білім – теңіз» десек, сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын – мектеп екеніне тағы бір куә осы болмақ! Мектепті 1994 жылы бітіріп, өмірден өзінің орнын тауып, халық қалаулысы болып, еліне қызмет етіп жүрген кәсіпкер түлегіміздің бірі- Жарылкасынов Арман Каналбекұлы. Жарылкасынов Арман Каналбекұлы 11 жыл бойы білім нəрін берген мектебіне  қолдау білдіріп «Рәміздер бұрышын» орнатып берді.

Бұл игі істер мектеп үшін де, оқушылар үшін де жақсы жетістік. Мектепті бітірген демеушілерміздің бірі «Адырна» ұлттық порталының директоры, журналист Арман Аубәкір өз сөзінде: «Біз осы мектептен түлеп ұштық. Артымыздан еріп келе жатқан іні-қарындастарымызға кішкентай да болса көмегіміз болсын деп осындай игі іс жасап отырмыз» -деді. 

Ұлы ақын Абай атамыз «Тек қана - сана, ғылым, ерік және ұят адамның мәртебесін көтереді» - деген болатын. Өскелең ұрпаққа өнегелі жол көрсеткен сіздердің еңбектеріңізге, абыройлы істеріңізге толымды табыстар тілейміз.  

Тәуелсіз елдің ұрпағы білімді де саналы болу үшін, бірлік пен ынтымақта демеушілік іс-шаралардың іске асырылып жатқаны көңіл қуантады. Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында болғандықтан, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту біздің басты міндетіміз деп білетін игі жақсыларға, яғни түлектерімізге алғысымыз шексіз. 



                                                    №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта                

                                                    мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі 

                                                                                        орынбасары: Алиева Гульвира Кадырбековна



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив