22
май
2025
«Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты асфальтқа сурет салу сайысы

Сайыс барысында оқушылар өздерінің ата-аналарына деген сүйіспеншілігін түрлі түсті бояулармен бейнелеп, отбасы туралы түсініктерін сурет арқылы жеткізе білді. Әрбір салынған сурет ерекше мағынаға ие болып, балалардың шығармашылығын, қиялын және жан жылуын көрсетті.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға жылы лебіздер айтылды. Мұндай шаралар оқушыларды мейірімділікке, отбасын қадірлеуге тәрбиелейді.