18
февраль
2025
«Адал ұрпақ-ұлт болашағы»
Мектебімізде Адал ұрпақ ұйымының жоспары аясында «Адал ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары өткізілді. Мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсіндіру, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді әрекет етуге ынталандыру. Сыбайлас жемқорлықтың мәдениетін қалыптастыру мақсатында 8 сынып оқушыларына «Адал ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында слайд көрсетілді. Өткізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде оқушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс әсерін түсініп, адалдық пен әділдікке деген құндылықтарын нығайту. «Адал ұрпақ» ұйымының мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге белсене қатысуға шақырылып, осы қозғалыстың ажырамас бөлігі болуға ынталандыру.