«Адалдық сағаты» аясында өткізілген акция » Средняя школа им.Тастандиева
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тастандиев орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(726)35-2-64-25
Бухгалтерия
+7(726)35-2-64-25
Версия для
слабовидящих
» » «Адалдық сағаты» аясында өткізілген акция
17
январь
2020

«Адалдық сағаты» аясында өткізілген акция


 «Адалдық сағаты» аясында өткізілген іс- шаралар


Мектебімізде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 17 қаңтар күні «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты- қоғамда, әсіресе жастар арасында «парасаттылық принциптерін ілгерілетуге» «парасаттылық, әділдік, шынайылық» ұғымдарын трендке айналдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болды.

Адалдық сағатын   мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алиева жүргізді.  Өз сөзінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бүкіл Республика көлеміндегі барлық оқу орындарында бірыңғай «Адалдық сағаттары» биылғы оқу жылында төртінші рет өтіп жатқандығын, адалдық сағаттары барысында Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау мақсатында оқушыларға арнайы өткізіліп отырғандығына тоқталды. Білім алушыларға білім нәрін беріп, тәрбиесіне зор үлес қосып жүрген ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың үміттерін ақтап, болашақта ел тізгінін ұстар, ел болашағы үшін адал еңбек ететін патриот, елжанды азаматтар шығатынына кәміл сенетіндігін айтып кетті. 

Келесі сөз кезегін лектор Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалы «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы С.Айтбаев алып, «Парасаттылық-өмір ұстанымы» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында әрбір қазақстандықтың өмірлік ұстанымы болуы керек. Бүгінде барша парасатты азаматтардың өмір сүруге, жұмыс жасауға, болашаққа сенімді жоспар құруға бірегей тарихи мүмкіндіктері бар. 

Бүгінгі таңда әрқайсымыз уақыттың өсиетін терең түсініп, формуланы нақты ұстануымыз керек: Парасаттылық - бұл ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғам өмірінің нормасы. Жастар - Қазақстанның болашағының негізгі қозғаушы күші, аға буынның лайықты ізбасарлары. Еңбекке, өзімізге және айналамыздағы әлемге саналы және адал қарым-қатынас - бұл еліміздің табысының басты факторы болып табылады деді.

Адалдық сағатын мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алиева қорытындылады. Біздің басты міндетіміз - жаңару. Біздің әрқайсымыздың дамуы - бұл бүкіл елдің дамуы. Жастар - Қазақстанның болашағының негізгі қозғаушы күші, аға буынның лайықты өзгеруі. Құрметті жас достар, Сіздерге, оқуда табыстар мен жетістіктер тілейміз! Осы оқу жылы жарқын әсер мен жақсы естеліктермен есте қалсын деп өз тілегін білдірді.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив