07
март
2025
«Мен қиындықты жеңемін»
Мектебімізде аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жоспары аясында оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз ету, болашаққа деген үміттерін арттыру, адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту мақсатында 2025 жылдың 06 наурыз күні А. Бикозиева 5-сынып оқушыларымен «Ғажайып қой-бұл өмір» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында оқушыларға өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білу жайлы түсінік берілді. Сонымен қатар, балалар «Мен қиындықты жеңемін» бейнежазбасын көріп, өмір жайлы эссе жазды.