11
April
2025
Жасөспірім қыздарды өзін-өзі бағалау
Мектебімізде 2025 жылдың 10 сәуір күні репродуктивті денсаулық туралы негізгі түсінік беру; Жасөспірім қыздарды өзін-өзі бағалауға, жауапкершілікке баулу; Өз денсаулығына қамқорлықпен қарауды үйрету мақсатында педагог-психолог А. Бикозиеваның ұйымдастыруымен «Репродуктивті денсаулықтың маңызы мен өзектілігі » тақырыбында 8-10 сынып қыздары арасында пікір талас түрінде кездесу өткізілді. Кездесуге мектебіміздің медбикесі Ж. Телеубаева мен ДТІЖО Г. Алиева шақырылды. Кездесу барысында тақырып аясында түсіндірме жұмыстары кең көлемде жүргізіліп, қыздармен пікір алмасып, кеңестер берілді.