10
March
2022
«Кәсіби мамандармен кездесу» тақырыбында арнайы кездесу өткізілді.
2022 жылдың 10 наурыз күні 9 және 11 сынып оқушыларының
мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып таңдау мүмкіндіктерін шешу, адам өміріндегі мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында ұйымдастырушы-педагог Ұ.Жарылкасынованың ұйымдастыруымен «Кәсіби мамандармен кездесу»
тақырыбында арнайы кездесу өткізілді. Кездесуге Ақтөбе ауылдық амбулаториялық ауруханасының акушер- гинекологы Н. Қулжанова, салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Д. Әбілдаева және мектебіміздің медбикесі Ж. Телеубаева шақырылды.
Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз. Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «Кім болам?» деген сұрақ тұр. Сондықтан да, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі дәрігерлерімізді кездесуімізге шақырдық. «Мен дәрігер боламын» атты бейнеролик көрсетілді, тақырыбымызға тұздық болсын деп оқушыларқа назарын арнайы дайындалған сюжет көрсетілді.
Мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау - бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Білім алушылардың көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға арнайы келген қонанақтарымыз жауап берді . Кездесу барысында, тақырып аясында түсіндірме жұмыстары кең көлемде жүргізіліп, оқушылармен ой-толғау, пікір алмастырдық.