08
December
2021
«Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында сынып сағаты
2021 жылдың 8 желтоқсан күні 7 «А» сыныбының сынып жетекшісі А.Бикозиева жас ұрпақты Отанды сүюге, өз елінің рәміздерімен таныстыру, оны қастерлеуге, туған жерін, Атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында оқушыларымен «Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының барысында оқушылар «Отан» жайлы мақал – мәтелдер айтып жарысты. Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, ой қозғады. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек деп- сабағын қорытындылады.
