14
май
2025
"Қауіпсіз балалық шақ" науқаны аясында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
№11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 14 мамыр күні "Қауіпсіз балалық шақ" науқаны аясында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Қаралған мәселелер:
1. Қауіпсіздік шаралары
Судағы қауіпсіздік. Терезеден құлау оқиғаларының алдын алу. Өрт қауіпсіздігі.
2. "Ата-ананың балаға бөлген уақыты-бала тәрбиесінің негізі" атты тақырыбында ата-аналармен бірқатар кеңестер мен тренинг жүргізді.
3. Әр-түрлі мәселелер( Мектеп аясындағы жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру)
Жиналыс барысында ата-аналарға бала тәрбиесіндегі уақыттың маңыздылығы мен қауіпсіз орта қалыптастыру жолдары жайында жан-жақты ақпарат берілді. 





Бала тәрбиесі бойынша сауалнамалар алынып, үлестірме қағаздар таратылды.
Мақсаты: Ата-аналарға баламен сапалы уақыт өткізудің маңызын түсіндіру, отбасылық қарым-қатынасты нығайту жолдарын ұсыну.
Жиналыс барысында мектеп директоры ата-аналарға қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, ескерту жасады.