Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен Даңқ орденінің толық иегері, ҰОС соғысының ардагері Тастандиев Тайыр Бүркітбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Шараға мектеп директоры Г. Жорабекова мен мектеп әкімшілігі қатысты. Іс -шараның негізгі мақсаты – ата –бабаларымыздың ерлігін ұлықтау мен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен ұлттық сана -сезімді қалыптастыру.