📖 «Мәшһүр Жүсіп оқулары» көркемсөз байқауы 📖
8-сынып білім алушылары арасында өткен «Мәшһүр Жүсіп оқулары» көркемсөз байқауы жас өрендердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен серпін берді. Байқау барысында оқушылар көрнекті ақын, ғұлама ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының терең мағыналы жырларымен танысып, оның шығармаларын тебірене орындады. Әр қатысушы ақын мұрасын жан-жақты зерттеп, көркем сөздің құдіретін сезінуге тырысты. Осындай рухани шаралар арқылы өскелең ұрпақ ұлттық әдебиетімізді