Ата-аналарға - Средняя школа им.Тастандиева http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/ ru Ата-аналарға - Средняя школа им.Тастандиева DataLife Engine Құрметті ата-аналар!! 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталады http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/147-rmett-ata-analar-1-synypa-zhat-abyldau-1-surden-bastalady.html http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/147-rmett-ata-analar-1-synypa-zhat-abyldau-1-surden-bastalady.html 2022 жылдың 1 сәуірінде 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталып, биылдың 1 тамызына дейін жалғасады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Айта кетейік, 1-сыныпқа 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ күнтізбелік жылда алты жасқа толған балалар қабылданады. Ол үшін баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші, сондай-ақ баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 және 063/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат, сондай-ақ оқушының өлшемі 3х4 болатын екі фотосуреті қажет.

]]>
2022 жылдың 1 сәуірінде 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталып, биылдың 1 тамызына дейін жалғасады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Айта кетейік, 1-сыныпқа 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ күнтізбелік жылда алты жасқа толған балалар қабылданады. Ол үшін баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші, сондай-ақ баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 және 063/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат, сондай-ақ оқушының өлшемі 3х4 болатын екі фотосуреті қажет.

]]>
admin Thu, 31 Mar 2022 12:33:04 +0600
Жадынама http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/105-zhadynama.html http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/105-zhadynama.html

]]>
Әр бала білуі тиіс қауіпсіздік жайлы 9 ереже біле жүріңіздер
Балалар үшін уайымдауды қалай доғаруға болады?
Ата-аналарға арналған нұсқаулық.
Бала есейген сайын өз бетінше жүруге құмар болады. Ал ата-аналардың міндеті — баланы өрт кезінде, немесе күмәнді адамдармен кездесу сияқты қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстауы керек және не істеуі керек екенін түсіндіріп, үйрету. Балалар психологы және психотерапевті Ольга Пыхова қарапайым ережелерді автоматты түрде жасайтын деңгейге жеткізуді насихаттайды.
1. Баланы қорқытпаңыз Оған «бір бала орманда жоғалып кетіпті» деген сияқты қорқынышты әңгімелер айтпаңыз. Қорқыныш баланы үрейлендіріп, әрекет етуге шектейді және бәрін бақылауда ұстауға бейімдейді. Бұл әңгімелер оған қауіптің алдын қалай алу керек екенін немесе қиын жағдайда не істеу керек екенін үйрете ме? Әрине, жоқ.
2. Балаға әлем әрқилы екенін айтыңыз Әлемде зұлымдық та, мейірімділік те бар екенін айтыңыз. Кейбір адамдар екіжүзді болатынын да түсіндіріңіз. Кәмпит беріп, мейірімді көрінетін аға шын мәнінде зұлым болып шығуы мүмкін. Ал асханада үстіңе компот төгіп алған бала – өмірлік досыңа айналуы мүмкін. Мұндай әңгімелер кем дегенде балаға барынша қырағы болуға әрі дұрыс ойлауға көмектеседі.
3. Ережелерді жаттауды барынша қызықты етіңіз
Көп жағдайда балалар не істеуге болмайтынын біледі, бірақ оны қалай істемеу керегін біле бермейді. Қауіпті жағдайға қалған бала абдырап қалмас үшін нақты ережелерді білуі керек. Оларды құрастырғанда нақты бір істерге екпін қойыңыз. Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрінде үйретсе тез қағып алады. Мысалы, өрт сөндіруші, полицей және т.б. болып ойнау. Алты-жеті жасар балалармен бала бақшада, мектепте, және үйде психолог Людмила Петрановскаяның «Что делать если» және «Что делать если-2» кітаптарын оқуға болады. Одан үлкенірек балаларға «Қауіпсіздік сабақтары» қызық болады. Онда арнайы плакаттарды оқып қана қоймай, видеоға түсірілген кейстерді де шешуге болады (бұл балаларға өте ұнайды). Оқушылар қателерді қуана табады және әрекет ету ережелерін жақсы меңгереді. 10 жастан үлкен балаларға қауіпті жағдайларды тудырып, кейін соны талқылауға болады. Жалпы кез келген жастағы балалар қауіпсіздік шаралары мен ережелері жайлы мультфильмдерді көргенді ұнатады.
4. Нақты жағдайларды талдаңыз Егер өрт болса Не жағдай болмасын, шығатын жер табу.
Кез келген ғимаратқа кіргенде баланың назарын эвакуация жоспары қайда ілініп тұрғанына аудартыңыз, карта бойынша жөн табуды үйретіңіз. Суға малынған мата (орамал, жең, бет орамал) түтінге уланып қалмай, демалуға мүмкіндік береді. Түтіндеу кезінде жүресінен отырып жүру немесе еденде жорғалап жүру керек, себебі төмен жақта түтін азырақ. Өрт кезінде киім-заттарды тастап, тек баспалдақпен түсу қажет.
Бәрінен өмір қымбат! Баланы бөгде адам алып кетпекші Бөгде адам баланы алдап алып кететін көптеген роликтер ата-аналарды қатты қорқытады. Ал балаларға бәрі қызық. Балаңыз бір жаққа бармас бұрын міндетті түрде сізге ескертуі керек екенін үйретіңіз. Өзіңіз де мұқият болыңыз. Баланың қауіпсіздігіне, әсіресе мектепке дейінгі балалардың қауіпсіздігіне сіз жауап бересіз. Егер балаңызды біреу алып кетпек болса, жанына жақындап, мәселенің анық-қанығын анықтаңыз. Бала қажет кезде «жоқ» деп айтуға дағдыланса тіпті жақсы. Бөгде адамдардың қандай әрекеттері (мысалы, халық көп жиналған жерден кетуді сұрауы, көндірмек болуы) күмән тудыруы керек екенін айтыңыз. Жетіден асқан балаларға кілтсөз айтуды үйретіңіз, егер кездесу орны өзгерсе хабарласуды үйретіңіз.
Абайлаңыз – иттер! Жабайы иттердің адамға тап беруі жиі кездеседі. Қауіптің алдын алу үшін балаңызға қараңғы жерлерді, тастанды үйлерді айналып жүруге үйретіңіз. Егер оны иттер қоршап алған болса, қатып тұрып қалу маңызды екенін айтыңыз. Арпылдап тұрған ит өз шекарасында бөгде адамдарды көргеніне ызалы екенін айтады. Одан қашып кетуге болмайды. Барлық іс-әрекеттер байсалды және баяу болуы керек. Ит қауып алса ересектерге айту қажет.
5. Балаңызға көмек сұрауды үйретіңіз Бала бақшада, мектепте, қосымша сабақтарда, көшеде кімнен көмек сұрау керек екенін алдын ала айтып қойыңыз. Балаңызға ең алдымен формадағы қызметкерлерді – полицейлерді, өрт сөндірушілерді, дәрігерлерді, дүкен қызметкерлерін іздеу керегін айтыңыз.
6. Үйіңіздің кіреберісіне байланыс телефондарын іліп қойыңыз Анасының, әкесінің, көршілердің, басқа да туған-туыстардың, жедел қызмет телефондарын жазып қойыңыз. Бала нөмірлерді жатқа білсе тіпті жақсы. Бұл тізімді үйдің басқа жерлеріне жазып қоюға да болады, жазу үстелінің астына, дәретханаға. Балаңыздың ұялы телефоны әрдайым қуаттаулы болғанын қадағалаңыз.
7. Оның дайындығын тексеріңіз Қандай да бір келеңсіз жағдайда жедел қызмет операторына ол өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекен-жайын (қай жерде тұрса, сол жердің мекен жайын), жанындағы үлкендерді, болған жағдайды түсіндіре алуы тиіс.
8. Баланың физикалық мүмкіндіктерін нығайтыңыз Жақсы физикалық дайындық — тез жүгіру, өрмелей алуы, секіре алуы және т.б. — шын мәнінде өмірін сақтап қала алады. Себебі кейбір жағдайларда жүгіру маңызды (мысалы, егер біреу ұрса немесе өрт басталса), ал басқа жағдайларда бір орында тұру (егер адасып қалса немесе иттер тап берсе) маңызды. 
9. Өзіңізден бастаңыз Әдеттен тыс жағдайларда миыңды іске қосып, әрекет етуге, көмек сұрауға және қабылдауға дайын екеніңізді көрсетіңіз. Ата-ананың міндеті — баланы әлемнен қорғау емес, әлемде өмір сүруге үйрету. Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз.

Мектеп директорының құқықтық тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алиева

]]>
admin Tue, 01 Sep 2020 20:00:12 +0600
11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің педагог-психологы Айнур Бикозиеваның елімізде болып жатқан жағдайға байланысты ата-аналарға арналған психологиялық кеңесі. http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/94-11-tajyr-tastandiev-atynday-orta-mektebn-pedagog-psihology-ajnur-bikozievany-elmzde-bolyp-zhatan-zhadaja-bajlanysty-ata-analara-arnalan-psihologijaly-kees.html http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/94-11-tajyr-tastandiev-atynday-orta-mektebn-pedagog-psihology-ajnur-bikozievany-elmzde-bolyp-zhatan-zhadaja-bajlanysty-ata-analara-arnalan-psihologijaly-kees.html Онлайн жұмыс кезінде ата-аналарға арналған  психологиялық кеңестер!!!
Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Назарларыңызға онлайн жұмыс кезінде баламен тиімді жұмыс істеу жолдарын ұсынамыз.

№ 1 Карантин демалыс емес!
Балаларыңызға карантиннің не екендігін түсіндіріңіз. Балалар оны демалыс ретінде қабылдауы мүмкін. Олар бұл «оңтайлы демалысты» пайдаланып, қыдырғысы да келеді. Бірақ адам көп шоғырланған жерлерге барудың қауіптілігін айтыңыз. Алайда үйде отыру да оларды шаршатады және жұмысыңызға кедергі келтіреді.

№ 2 Мектеп бағдарламасын оқу!
Демалыстың мәңгілік болмасы сөзсіз. Балаңыздың мектеп бағдарламасын ұмытып кетпеуін бақылаңыз. Есептер шығартып, шығарма жаздырыңыз. Өткен материалдарды қайталата беру де тиімсіз. Балаңызды тез жалықтырып аласыз. Логикалық есептер шығарту қызықты істердің бірі. Күніне мектеп бағдарламасына 1-1,5 сағат арнаңыз.

№ 3 Кітаптар!
Демалысты балаңыз үшін пайдалы етудің оңтайлы жолы – кітап оқу. Кітап оқу кезінде балаңыз рухани байып қана қоймай, уақытын тиімді өткізеді. Бірнеше сағатқа өзін алдандыратын «жұмысқа» енеді. Кітапты таңдау барысында балаңызға ерік беріңіз. Сіздің алып келген кітаптарыңыз балаңыз үшін қызықсыз болуы мүмкін.  Кітап оқу – балаңыздың есте сақтауы мен ойлауын, әдемі сөйлеу дағдыларын дамытады.

№  4 Қолөнер!
Қазір интернетте қолөнерге қатысты көптеген шеберлік сабақтары бар. Оларды балаңызбен бірге тамашалап, жасап көріңіз. Тіпті кейбірін балаңыздың өзі жасағаны дұрыс. Осылайша олар өздерінің ойлау және қолөнер қабілеттерін дамытады. Балаңыздың денсаулығына зиян келтіретін заттарды қолданбауын бақылаңыз. Мысалы, үй жағдайында сабын жасап көрсін. Құралмалы ойыншықтарды құрастыру да пайдалы. Қыз балаларға тоқыма тоқуды үйретіңіз.

№  5 Терезе алдындағы бақша!
Балаңызды немен алдандыратыныңызды білмесеңіз, үйде бақша өсіріп көріңіз. Бірнеше өсімдіктің тұқымын сатып алыңыз. Оларды ыдысқа егіп, терезе алдына қойыңыз. Өсімдіктерді баптауды балаңызға тапсырыңыз. Егер жемісін тез көргіңіз келсе, асбұршақ егіңіз. Осылайша үй ішінде шағын бақша жасайсыз. Бұл балаңыз үшін қызықты жұмысқа айналады.

№ 6  Спорттық жаттығулар!
Демалыс кезінде балаңызбен бірге спорттық жаттығуларды жасауды ұмытпаңыз. Спорт -  тек физикалық денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар психологиялық жағдайға да пайдалы . Тұрақты дене жаттығулары көңіл-күйді жақсартуға және үрей, күйзеліс стресс сезімін төмендетуге көмектесетіні дәлелденген.

№ 7 Дұрыс тамақтану!

Дәл қазіргі жағдайда тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын, иммунитетті күшейтуге ықпалын тигізеді.

]]>
Онлайн жұмыс кезінде ата-аналарға арналған  психологиялық кеңестер!!!

admin Wed, 29 Apr 2020 14:08:03 +0600
№11 Тайыр Тастандиев орта мектебінің ата-аналары мен оқушылары назарына!!!!! http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/81-11-tajyr-tastandiev-orta-mektebn-ata-analary-men-oushylary-nazaryna.html http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/81-11-tajyr-tastandiev-orta-mektebn-ata-analary-men-oushylary-nazaryna.html
]]>

]]>
admin Mon, 23 Dec 2019 10:14:14 +0600
Ауыл тұрғындары назарына http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/52-auyl-tryndary-nazaryna.html http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/52-auyl-tryndary-nazaryna.html Білім алушылардың құрамы

2018-2019 оқу жылында мектепте 21-сынып-комплект 310 оқушы білім алды. Сыныптардың орташа толықтырылуы – 17.

2018 -2019 оқу жылындағы оқушылар қозғалысы

Сыныптар

Жыл басында

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

IV тоқсан

Жыл соңында

1-4

127

126

125

122

125

125

5-9

138

137

138

138

138

138

10-11

45

47

45

47

47

47

Барлығы

310

310

308

307

310

310

]]>
Білім алушылардың құрамы

admin Fri, 24 May 2019 16:41:11 +0600
Ата-аналарға ақпарат. http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/38-ata-analara-aparat.html http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/38-ata-analara-aparat.html

]]>

]]>
admin Mon, 20 May 2019 07:59:57 +0600
Ата-аналарға ақпарат. Мектепке қабылдау http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/37-ata-analara-aparat-mektepke-abyldau.html http://tastandiev-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/37-ata-analara-aparat-mektepke-abyldau.html

]]>

]]>
admin Mon, 20 May 2019 07:57:48 +0600