Нормативные документы » Средняя школа им.Тастандиева
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тастандиев орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(726)35-2-64-25
Бухгалтерия
+7(726)35-2-64-25
Версия для
слабовидящих
25
февраль
2019

Нормативные документы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы









2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУРАЛЫ

Әдістемелік нұсқау хат















Астана-2018


Құрметті ұстаздар! 

2018-2019 оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Еліміздің барлық мектептерінде 1-қыркүйекте Білім күні аталып өтіледі. Дәстүр бойынша Білім күні тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы жақсы бастамалар мен дәстүрлердің жалғасы болып табылады.
Оңтайлы білім беру жүйесі еліміздің және қазақстандық қоғамның тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі.
Білім беру саласының қазіргі кезеңдегі стратегиясы – тез өзгеретін шынайы жағдайларға үнемі бейімдеуге болатын икемді тактикалық іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу.
Президент Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10-қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей, бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл жағдайда білім беру сапасын арттыруға, білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше назар аударылуы қажет.
Жаңа жағдайда білім беру жүйесінен, оның сапалы және өмір бойына үздіксіз болуы талап етіледі. Сондықтан қазақстанның білім беру жүйесінің алдына оқытудың қазіргі уақыттағы әдістері мен бағдарламаларын меңгеру, оқыту сапасын арттыру, сұранысқа ие білім мен дағдыларды беру, қоғамдық сананы жаңғырту, функционалдық сауаттылықты, үштілділікті, сын тұрғысынан ойлауды және басқаларын дамыту міндеті қойылған.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы елімізде адами капиталды дамытуда сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды міндет етіп қояды.
Жаңа оқу жылында мектептерді жаңартылған білім беру бағдарламасына көшіру жалғастырылады, 2018-2019 оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптарда енгізілетін болады. Еліміздің 30 пилоттық мектептерінің 4,9,10 сыныптарында жаңартылған оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК сынақтан өткізу жүргізіледі.
Білім және ғылым министрлігімен педагог мамандығының мәртебесін көтеру бағытындағы мақсатты жұмыстар жалғастырылуда. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді қамтамасыз ету мақсатында және озық білім ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленген.
Еліміздің білім беру ұйымдарының алдында тұрған міндеттер, сонымен қатар олардың жұмыстарындағы жаңа 2018-2019 оқу жылындағы ерекшеліктер «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатында көрсетілген.
Жинақ білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістерді қамтиды. 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарындағы білім беру процесін ұйымдастыру құжаттары және қажетті материалдар енгізілген, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар және еліміздің білім беру ұйымдарының жұмыс ерекшеліктері көрсетілген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.
2018-2019 оқу жылы еліміздің педагогтерінің алдына жаңа міндеттер қояды.
Еліміздің барлық педагогтеріне табысты оқу жылын, шығармашылық жетістік және жеңістер, барлық еліміз үшін аса маңызды ұстаздық кәсіпте жеміс тілеймін!


ҚР Білім және ғылым Вице-министрі                                                                                                              А. Қ. Аймағамбетов


























Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 15 маусымдағы № 7 хаттама).


2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 372 б.


Жинаққа 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық және жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң
1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.

























© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8- сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша, ал 4, 9, 10-11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен білім алады.

2018-2019 жаңа оқу жылында білім беру процесінің нормативтік- құқықтық қамтамасыз етілуі:
1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1-3-сыныптарда білім беру процесі:
 ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МДТО МЖМС);
 МОН РК 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);
 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (МОН РК 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығына1-қосымша);
 ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМС-2015);
 ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады;
2) 4, 9, 10-11-сыныптарда білім беру процесі:
 ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМС-2012);
 ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485 қаулысымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМС - 2012);
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстары мен факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады;
3) 5- 8-сыныптарда білім беру процесі:
 ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР ОБМЖМС-2016);
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқубағдарламалары;
 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады;
 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 Қаулысы;
 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы;
 «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 615 бұйрығы;
 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 308 бұйрығы;
 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 бұйрығы;
 «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 651 бұйрығы;
 «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 662 бұйрығы;
 «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын әдіснамалық қамтамасыз етуді үйлестіру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 бұйрығы;
 «Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог қызметкерлері жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығы;
 «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
14 маусымдағы № 272 бұйрығы;
 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 16 шілдедегі № 350 бұйрығы;
 «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 бұйрығы;
 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін «Лучший педагог» атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 16 шілдедегі № 351 бұйрығы;
 «2018 жылы педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі – Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 200 бұйрығы;
 «Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 226 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 394 бұйрығы;
 «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 шілдедегі №337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 18 мамырдағы № 213 бұйрығы;
 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 231 бұйрығы;
 «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығы;
 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы.
 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына (www.nao.kz) орналастырылған.
Мектеп әкімшілігінде МЖМБС және үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының қағазға шығарылған бір слабовидящих болғаны жөн.
Педагогтердің МЖМБС және үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеулеріне болады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу процесіне қатысушыларды кешенді қолдауды Академия сайты (www.nao.kz) қамтамасыз етеді. Преподавателиге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады:
- «Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (Әдістемелік-нұсқау хат, Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты), бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары, нормативтік-құқықтық база);
- «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік құралдар, ұсынымдар мен нұсқаулықтар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері);
- «Семинарлар, конференциялар» (Академияда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттар: ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық семинарлар және т.б.);
- «Журналдар» (Академияда шығарылатын «12 жылдық білім беру –
12-летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар);
- «Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау, Академия мамандарына сұрақтар қою мүмкіндігі).
Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беретін ұйымдардың басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.
Жаңартылған білім мазмұнына көшетін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы Жүйелі-әдістемелік кешен (ЖӘК) әзірледі. Аталған кешенді НЗМ сайтынан (smk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру)табуға болады.

Барлық сыныптық, сыныптан тыс жұмыстардың (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-сыныпта – 24 с., 2-сыныпта – 25 с., 3-сыныпта –29 с., 4-сыныпта –29 с.,5-сыныпта –32 с., 6-сыныпта –33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-сыныпта – 39 с., 11-сыныпта – 39 с. аспауы тиіс.

Білім беретін ұйымдар ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңесінің келісімімен күнделікті өткізілетін сабақтар санын белгілейді.




Назар аударыңыздар!

2018-2019 оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда – 32 апта, 1-сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)-сыныптарда – 34 апта.
«Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 322 бұйрығымен 2018-2019 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді:
1) 1-11(12)-сыныптарда: күзгі каникул –7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі – 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
2) мектепалды сыныптарда:
күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан – 2019 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды және 1-сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2019 жылғы 4 - 10 ақпанды қоса алғанда).
Сабақтардың өткізу мерзімі мереке күндерімен сәйкес келген жағдайда, тақырыбын/оқу мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/ұқсас тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/тұтастырып, мерекелік күндерге дейін немесе мерекеден кейін аздаған сағат санымен оқыту қажет.
Бұл ретте жеңіл мақсаттарды қарастырып, жазба жұмыстарын жоспарламаған жөн. Қайталауға берілген сағаттар есебінен, оқу бағдарламаларының кіріктіруін ескере отырып, сабақтарды келесі күнге ауыстыруға болады.
















Назар аударыңыздар!

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім ұйымы қызмет көрсететін аймақта тұратын барлық балаларға қолжетімді болуды қамтамасыз ете отырып, 7 жастағы және ағымдағы жылы алты жасқа толатын барлық балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін, төмендегідей құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасы немесе басқа да заң өкілдерінің өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма 026/у-3);
4) 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосурет.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың құжаттары ата-аналарынан немесе басқа да заң өкілдерінен ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін қабылданады. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау кезінде қосымша құжаттар сұралмайды.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 қаулысы.
Школыдің бескүндік оқу аптасына көшуі
Парламенттің алтыншы шақырылымының 2016 жылғы 25 наурыздағы бірінші сессиясының ашылуындағы Президенттің тапсырмасына сәйкес, 1-ден 11-ге дейінгі барлық сыныптар бескүндік оқу аптасына еркін түрде көше алады. Өз сөзінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев: «Біз ЭЫДҰ-мен интеграцияланудамыз, бұл ретте біз дәйекті болуға тиіспіз. Барлық дамыған елдердің мектептерінде бес күндік оқыту аптасы қалыптасқан. Балаға қалпына келуге, педагогқа демалып, сабаққа дайындалуға мүмкіндік беріледі. Кейбір елдерде тіпті төрт күндік оқыту аптасы да бар. Мұндай форматқа көшу – бүгінде дамыған елдердің жалпыәлемдік үрдісі (тренді). Ғалымдар қазірдің өзінде оқыту аптасының ұзақтығын қысқарту оқытудың нәтижелілігін арттыратынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Білім және ғылым министрлігі бұл үдерісті тым болмаса бастауыш мектептерден бастауы керек», - деп атап өтті.
Бескүндік оқу аптасына көшу жұмысы жаңартылған білім мазмұнына көшумен қатар жүргізіледі және меншік нысанына (мемлекеттік/жеке), қандай ҮОЖ слабовидящихн ж.т.б. таңдағанына қарамастан барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.
2017-2018 оқу жылында республиканың 7054 мектебінен 6708 мектеп сабақтың ұзақтығы 40 минуттық бескүндік оқытуға көшкен, бұл 95%-ды құрайды (1-кесте).
.
1-кесте – Бескүндік оқытуға көшкен мектептер саны











Облыс, қала Барлық мектептер саны
Оның ішінде Оның ішінде бескүндік оқытуға көшкен мектептер саны
Бастауыш мектеп Негізгі мектеп Орта мектеп Бастауыш мектеп
Негізгі мектеп
Орта мектеп
1 Ақмола 565 68 154 343 59 150 343
2 Ақтөбе 410 34 82 294 33 81 236
3 Алматы 758 66 60 632 65 60 597
4 Атырау 193 12 7 174 12 7 171
5 Шығыс Қазақстан 657 51 116 490 50 115 482
6 Жамбыл 450 61 34 355 61 34 322
7 Батыс Қазақстан 381 70 70 241 70 70 235
8 Қарағанды 515 49 90 376 49 80 312
9 Қостанай 514 89 114 311 89 114 311
10 Қызылорда 293 8 26 259 8 26 242
11 Маңғыстау 134 8 4 122 8 4 122
12 Павлодар 371 27 68 276 27 68 276
13 Солтүстік Қазақстан 497 67 108 322 67 108 313
14 Оңтүстік Қазақстан 1029 100 77 852 97 75 786
15 Астана қаласы 84 2 0 82 2 0 69
16 Алматы қаласы 203 - 3 200 - 3
(1-7 сын) 112
(1-7 сын),
87
(1-4 сын)
Барлығы 7054 712 1013 5329 697 995 5016


Назар аударыңыздар!
2018-2019 оқу жылы әр мектептің әкімшілігі
мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын (спорт залдар, аудиториялық қор, білім алушылар контингенті, кадрлармен қамтамасыз ету) т.б ескере отырып, жеке пәндерді оқытуда сыныптарды топтарға бөлу туралы дербес шешім қабылдайды.
Сыныптарды топтарға бөлу педагогикалық кеңестің шешімімен, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен жұмыстың оқу жоспарымен іске асырылады.
1-3-сыныптарда қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндер бойынша топтарға бөлінеді:
- оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
- оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
- шетел тілі;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- өзін-өзі тану.
Білім мазмұны жаңартылған бағдарламалар бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу төмендегі пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылады:
₋ оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
₋ оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
₋ шетел тілі;
₋ информатика;
₋ дене шынықтыру;
₋ көркем еңбек .
2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша оқытылатын білім алушылар қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:
₋ оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
₋ оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;
₋ қазақ/ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі;
₋ шетел тілі;
₋ информатика;
₋ бейіндік пәндер;
₋ технология;
₋ дене шынықтыру.
МЖМБС жаңа редакциясында және Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» оқу пәнінің орнына «Шетел тілі» пәні енгізіледі. Білім беру ұйымдарының: «Ағылшын тілін», «Неміс тілін», «Француз тілін» таңдау құқығы бар.
 Неміс және француз тілдерінің үлгілік оқу бағдарламалары «2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілді.
Шетел тілін оқыту білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды бірлік, үздіксіздік және сабақтастықпен қамтамасыз ететін CEFR («Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment» - «Шетел тілдерін меңгеру деңгейінің жалпы еуропалық құзыреттілігі: үйрену, оқыту, баға») тілдерді меңгеру деңгейлік моделіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстандағы үш тілді білім беру моделі CEFR аналогі болып табылмайды, бірақ көрсетілген құжатты негізге ала отырып оның идеясы мен негізгі ережелерін ұлттық білім беру жүйесінің нақты бір жағдайына бейімдейді.

Үй тапсырмасы
Назар аударыңыздар!
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдамалар ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.
Үй тапсырмасын дайындау уақытын қысқарту үшін 5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады.
Үй тапсырмасын орындауда: 2-сыныпта - 50 минуттан, 3-4-сыныптарда - 70 минуттан, 5-6-сыныптарда - 90 минуттан, 7-9-сыныптарда - 110 минуттан, 10-11-сыныптарда - 130 минуттан аспауы тиіс.
Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер өзгертілді.
Үй тапсырмасын:
1) Мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы, жобалық жұмыстар және математикалық мектептерде есептерді шешу үшін көркем, қосымша әдебиеттерден басқа);
2) бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;
3) бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақыт ішінде оқылатын тапсырмалар берілуі мүмкін) бермеу ұсынылады.
Бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіріп беру ұсынылады.
Білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе («біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды» және «жинақтайды»), үй тапсырмасын орындаудың қажеттілігі болмайды.
Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагог қызметкерлердің үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстардың кезеңділігі мен мерзімдерін басқаруды мектепішілік бақылау жоспарына жазып, мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.
Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне:
1) білім алушыларға үй тапсырмасын сабақ үстінде, қоңырауға дейін хабардар ету;
2) үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;
3) көлемі аз тапсырмалар (орындалуы міндетті) және көлемі көп тапсырмаларды (орындалуы ерікті түрде) үйлестіріп беру;
4) сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады.



Назар аударыңыздар!
«Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ЖЖЕ) сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі де, тақырыбы мен мерзімі сынып журналының жеке бетіне жазылады.
1-4-сыныптар – әр сыныпта 6 сағаттан;
5-8-сыныптар – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі.
1-8-сыныптарға арналған сабақтың үлгі ретінде алынған тақырыптары 2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқау хатта берілген.
ЖЖЕ оқу курсы бойынша сыныптың қағаз түріндегі журналының соңғы беттеріне жазылады. Сондай-ақ сыныптың электрондық журналында толтыру үшін қосымша беті бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) қызметінің үлгілік қағидаларының 19 т. сәйкес, білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісу бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс) және (немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивті сыныптардағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысы бойынша жалпы білім беретін оқу немесе жеке бағдарламалар бойынша білім ала алады.
Мемлекет инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асыру барысыда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуы, бұзушылықтарды түзету және бейімделуі үшін арнайы жағдай құруды қамтамасыз етеді.
Балаларға деген толеранттылықты тәрбиелеу мақсатында білім алушыларға инклюзия режимінде жылына бір рет әр сыныптардың паралелінде инклюзивті білім беруді түсіндіру бойынша ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылады.
Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша жүзеге асыра алады.
ҚБТ білім берудің барлық деңгейінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, соның ішінде мүгедек-балаларға, I және II топтағы мүгедектерге, бала жасынан мүгедек тұлғаларға қатысты.
ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларымен жүргізіледі.
Білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқу пәндерін өз бетінше оқитын, экстернат - оқыту түрі қолданылуы мүмкін.
Экстернат түріндегі оқыту негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар мамандырылған және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.


Назар аударыңыздар!
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында: футбол және басқа да спорттық ойындар бойынша жарыстардың, мектепішілік спартакиадалардың, республикалық және халықаралық сайыстар сияқты спорттық іс-шаралардың қорытындысын білім алушылардың мектептеріндегі спорттық жетістіктері ілінетін стендте хабардар етіп отыру ұсынылады.
2018-2019 оқу жылында «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» кіріктірілген оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ӨҚН) міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б) практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс.
Осыған байланысты «ӨҚН» курсын оқыту:
– 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында;
– 5-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясында;
–10-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында жүзеге асырылады.
Бұл ретте «ӨҚН» курсы бойынша өткізілген тақырыптар, мектеп журналына міндетті түрде жазылуы тиіс.
Құрамына барлық мүдделі министрліктер (ҚР ІІМ, ҚР ДМ, ХҚК және т.б.) кіретін жұмыс тобы «ӨҚН» жаңа бағдарламасын қайта қарау және бекіту жұмыстарын жүргізуде.
2018-2019 оқу жылында «ӨҚН» курсы бойынша жаңа білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды бастау жоспарлануда.
Жаңа оқу бағдарламасына сәйкес ӨҚН-нің әр тақырыбын «Дүниетану», «Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндерімен байланыстыру қарастырылады, бұл білім беру курсының оқу міндеттілігін қамтамасыз етеді.
2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «ӨҚН» курсы 10-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жаңа пәнінің аясында оқытылады.

Назар аударыңыздар!
2018-2019 оқу жылында 4 және 9, 10-сыныптарға арналған білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларының, оқулықтардың және ОӘК апробациясы 30 пилоттық мектептерде жүзеге асырылады.

Назар аударыңыздар!
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және бастауыш білім беру ұйымдарында ата-аналар өткізетін мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде, соның ішінде балалардың туған күндерін қоса алғанда, тек сол білім беру ұйымдарының қызметкерлері, балалардың ата-аналары шақырылады. Мерекелік іс-шараларды білім алушылардың қатысуымен және тек сол ұйымның әлеуетін пайдалана отырып өткізу ұсынылады.
Аниматорларды шақыру ұсынылмайды. Сыйлықтарды сатып алуға ақша жинауға болмайды.


Назар аударыңыздар!
Жаңа оқу жылында республиканың барлық жалпы білім беру мектептеріне «Бір-бірімізге жақын, зиянды әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасын енгізу қарастырылып жатыр.
Аталған профилактикалық бағдарлама 2016-2017 жылы республиканың жалпы білім беретін мекте

Похожие публикации:

03 январь 2019 Ыстық тамақ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив