
Тайыр Тастандиев13 январь ·Мектебімізде 2025 жылдың 13 қаңтар күні "Заң және тәртіп" тақырыбындағы құқықтық тәрбие беру айлығының іс-шаралар жоспары аясында 5-7 сыныптар арасында "Қауіпсіздік және алғашқы көмек" атты қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету. Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.