

Бүгін – қуаныш пен қимастық қатар өрілген ерекше күн!

Балалықтың бал дәуренімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басар сәт келіп жетті.

Қымбатты түлектер!
Сіздерге білім нәрін сіңірген алтын ұя мектебіңізге

МЫҢ АЛҒЫС!


Ұстаздарымызға – төккен тері мен сарқылған сабыры үшін

ШЫН ЖҮРЕКТЕН РАХМЕТ!

Мектеп – тек білім емес, мейірім мен тәрбие, достық пен арманның мекені.
Бүгін – сіздердің өмір жолдарыңыздағы жаңа парақтың бастауы!

Армандарыңыз асқақ болсын!

Жолдарыңыз ашық болсын!

Түлектік қуаныштарыңыз мәңгі естелік болсын!

Мектебім, саған мың алғыс!

Соңғы қоңырау – жүректе мәңгілік!