01
сентябрь
2020
1- қыркүйек Білім күні
Жуалы əкімдігінің білім бөліміне қарасты N11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 1- қыркүйек Білім күніне арналған сынып сағаттарын өткізу барысында короновирустық инфекцияның таралуының алдын алуға байланысты шектеулер ескеріліп, қатаң түрде санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды. Сынып сағаттарына тақырыптық материалдарды таңдау кезінде əр сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескерілді. Білім күніне арналған сынып сағаттарын өткізу барысында Жамбыл облысы əкімдігінің білім басқармасының "Білім күніне арналған бейбітшілік жəне келісім сабағы" атты әдістемелік ұсыным жобасы басшылыққа алынды. Сынып сағаттарының мақсаты- өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру, жаңа оқу жылында жаңа мерекелік атмосфера құру болды. Сондай -ақ білім алушыларды патриотизм мен тағаттылыққа тəрбиелеу, олардың бойында рухани- адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсаты көзделіп, бейбітшілік жəне келісім сабақтары əртүрлі форматта өткізіліп, мектебімен сағына қауышқан білім алушыларға қуаныш сыйлады.
1- қыркүйек Білім күніне орай өткізілген сынып сағаттарына мектеп директоры Жорабекова Гулнар Молдақұлқызы мен Жуалы ауданы əкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Джузбаев Ерназар Оралбекұлы қатысып, білім алушыларды мерекелерімен құттықтады.