03
March
2025
«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу»
№11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 3 наурыз күні аутодеструктивті мінез-құлықтың және буллингтің алдын алу барысында сынып жетекшілермен жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында мектеп директоры Г. Жорабекова Н. Календеровтың «Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлықтарын анықтау, олардың қамқорлықсыз қалуы және оларға қатысты қылмыстардың алдын алуда ақпарат алмасу және профилактикалық жұмыстар жүргізудің өз ара іс-қимыл әрекеттерінің алгоритімдері » методикалық әдістемелік құралымен таныстырып өтті. ДТІЖО Г. Алиева «Буллинг дегеніміз не және баланы буллингтен қалай қорғап аламыз?» тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізді. Сонымен қатар педагог-психолог А. Бикозиева «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыс және оқушылардың көңіл-күйін үнемі бақылауда ұстау жайлы ұсыныс айтты.