17
февраль
2025
"Ұлттық салт-дәстүрім"
Салт-дәстүрлер - бұл ұлттық құндылықтар, халықтың мәдениеті, тілі, тарихы, өнері және ұлттық ерекшеліктерін қамтитын маңызды рухани-материалдық мұра.
№11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінде 3-4 сыныптар арасында "Шабыт" жобасын іске асыру мақсатында "Ұлттық салт-дәстүрім" атты ашық сынып сағаты өткізілді.
Бұл сынып сағатының мақсаты- оқушыларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен таныстыру, оларды құрметтеуге және сақтауға үйрету. Сабақ барысында ұлттық киімдер, тағамдар, ойындар, дәстүрлер туралы әңгіме жүргізіліп, балалардың қызығушылығын арттыру үшін көрнекіліктер мен интерактивті әдістер қолданылды.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы:
Әділетті Қазақстан;
Адал азамат;
Озық ойлы ұлт.
Құндылықтар:
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;
Тәуелсіздік пен отаншылдық.