«Жолда жүру ережесі» » Средняя школа им.Тастандиева
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тастандиев орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(726)35-2-64-25
bookkeeping:
+7(726)35-2-64-25
Version for
visually impaired
» » «Жолда жүру ережесі»
17
April
2025

«Жолда жүру ережесі»

Жолда жүру ережесі бойынша түсіндірме жұмыстары
Жолда жүру ережелері — бұл көлік құралдарын, жаяу жүргіншілерді және велосипедшілерді қауіпсіз және тәртіппен жолда қозғалту үшін қабылданған ережелер жүйесі. Бұл ережелердің мақсаты — көлік қозғалысы кезінде болатын авариялар мен апаттардың алдын алу, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау.
Жол қозғалыс ережелері қоғамда тәртіп орнатуға, көлік құралдарының қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз етуге және әрбір жаяу жүргінші мен жүргізушінің қауіпсіздігін сақтауға арналған. Жолда жүру ережелеріне бағыну бәріміздің міндетіміз, себебі ол тек біз үшін ғана емес, айналадағы адамдар үшін де маңызды.
Жаяу жүргіншілер тек арнайы белгіленген орындарда — жаяу жүргіншілер жолында немесе өткелінде жүруі тиіс. Бұл ережені сақтау, жолдағы көлік қозғалысына қауіпсіз қатысуға мүмкіндік береді. 16 сәуір күні Республика көлемінде 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында өтіп жатқан «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс–шарасы және жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме  жұмыстары айлығының өтуіне байланысты №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 16 сәуір күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алиева мен мектеп психологы А.Бикозиева «Жолда жүру ережесі» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Барлығы 250 оқушы қамтылды.
Аталған іс-шараның  негізгі мақсаты – балаларға жол қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, олардың көшеде жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Түсіндірме барысында оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған негізгі ережелер, жол белгілерінің мағынасы және бағдаршамның қызметі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, балаларға жолдан өту кезінде абай болу, көлік келе жатқанда жүгірмеу, арнайы жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалану керектігі жайлы айтылды. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив