23
April
2025
“Балалар кітапханасы”
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай “Оқуға құштар мектеп”жобасының “Балалар кітапханасы” бағдарламасын іске асыру барысында, мектеп кітапханасында кітапхана меңгерушісі У. Кулгараеваның ұйымдастыруымен «Кітап-білім бұлағы» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: Кітап-сарқылмас рухани қазына екенін, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Кеш барысында оқушылар Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін жатқа айтып бүгінгі жастардың кітап оқуға деген ынтысының бар екенін көрсетті.