Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық!
№11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінде 2024 жылдың 1 тамызы мен-30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету.
Осыған орай, «Мектепке жол» акциясына үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдарды, шаруа қожалық иелерін акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына қолдау көрсетуге шақырамыз.
Әлеуметтік көмек көрсету туралы сұрақтар туындаған жағдайда мектебіміздің 2-65-25 сенім телефонына хабарласуға болады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0FB1wDeFarKeo6PvhqT8oRyeDFeYnkBzAbWLdUq2cgq8b9QCftmxwQxSfUxbRCVS4l&id=100015353855366
