04
April
2022
«ЖҰЛДЫЗДЫ START»,« BALA DAUYSY» байқауы
Мектебімізде 2022жылдың сәуір айында музыка пәнінің мұғалімі С.Баймурзаева мен МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен «ЖҰЛДЫЗДЫ START»,« BALA DAUYSY» байқауы 5-9 сыныптар арасында онлайн режимде болып өтті. Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, мәнерлеп оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл - қыздарын тәрбиелеу.Өнерпаздарды жан - жақты зерттеп, мәнерлеп оқуды көпшілік алдында қысылMay, еркін орындауға бейімдеу, талап пен шеберлігін шыңдау.Оқушыларымыз түрлі номинациялармен марапатталды. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз, алар асуларың көп болсын!
