07
April
2022
«Ұлттық мектеп лигасы» атты оқушылар арасында спорт түрлерінен жарыс
№11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектептің оқушылар арасында жыл сайын дәстүрлі түрде 7 сәуір «Денсаулық күніне» орай «Ұлттық Мектеп Лигасы» ұйымдастырылды. Бұл лиганың мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, патриоттыққа тәрбиелеп, жарыстарға қатысатын мектеп командасын дайындау. «Ұлттық мектеп лигасы» жас ерекшеліктеріне қарай спорттың үш түрі бойынша (баскетбол, волейбол, футбол ) өткізілді. 200-ден астам оқушы жарысқа қатысты Мектепшілік жарыста топ жарып, жеңіске жеткен командалар аудандық сайысқа жолдама алды. Сондай-ақ, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Спорттық сайыстар барлық санитарлық талапты сақтай отырып өтті. #Балаларжылы
Ұйымдастырушы-педагог: Жарылкасынова У.К
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері
Ұйымдастырушы-педагог: Жарылкасынова У.К
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері
