16
January
2022
Бала қауіпсіздігі - басты назарда!
2021 жылдың 16 желтоқсан мереке күндері жедел-профилактикалық іс-шара аясында бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жасөспірімдердің ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз беймезгіл уақытта жүруін тоқтату, өзге де заң бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, кəмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алу бойынша арнайы бекітілген мобильді топтың ұйымдастыруымен түнгі рейд жүргізілді. Рейд барысында мəдениет үйі, ауылдағы көшелер, жертөлелер, дүкендер, футбол алаңы басты назарға алынды. Мобильді топтың қатысуымен ұйымдастырылған рейдте ешқандай құқық бұзушылық болмағаны анықталып, рейд қорытындысы бойынша анықтама толтырылды. #Балақауіпсіздігі-бастыназарда! Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алиева
